Карина Ибрагимова келесі кезеңге өтті

Карина Ибрагимова келесі кезеңге өтті
Бокс

Нұрғали Жұмағазы

Қытайдың Ханчжоу қаласында өтіп жатқан ХІХ жазғы Азия ойындарында боксшы Карина Ибрагимова алғашқы кездесуін сәтті бастады, деп хабарлайды Bassport.kz.

Отандасымыз 57 келіде Солтүстік Корея спортшысы Жинхианг Паекті 5:0 есебімен ұтты. Сөйтіп, ширек финалға шықты. 

Бұған дейін қыздардан Назым Қызайбай мен Римма Волосенко жарысты ерте аяқтаған еді.