Азия ойындары: қазақстандық баскетболшылар оңбай ұтылды

Азия ойындары: қазақстандық баскетболшылар оңбай ұтылды
Баскетбол
Азиада 2023

Sports.ru

Баскетболдан Қазақстанның әйелдер құрамасы Азия ойындарында топтық кезеңдегі екінші матчын өткізді, деп хабарлайды BasSport.kz.

Қытайдың Ханчжоу қаласында өтіп жатқан аламанда В тобында жерлестеріміз Жапониямен кездесті. Бұл матчта бойжеткендеріміз қарсыластарынан оңбай ұтылды - 30:92.

Естеріңізге сала кетейік, Азия ойындары 23 қыркүйек күні басталған, 8 қазанға дейін жалғасады. Турнирде Париж олимпиадасының жолдамалары да сарапқа салынуда.