Рио Фердинанд тарихтағы үздік спортшыларды атады

Рио Фердинанд тарихтағы үздік спортшыларды атады
Футбол

Sportbox

Футболдан Англия құрамасы мен «Манчестер Юнайтед» клубының қорғаушысы Рио Фердинанд тарихтағы үздік төрт спортшыны атады, деп хабарлайды BasSport.kz.

Бүгінде комментаторлық қызмет атқарып жүрген Фердинандтың тізіміне бір де бір футболшы енбеген.

Мұхаммед Әли, Майк Тайсон, Майкл Джордан, Роджер Федерер, - дейді Фердинанд Sports Illustrated-ке берген сұхбатында.

Айта кетейік, 44 жастағы Фердинанд карьерасын 2015 жылы аяқтады. Ол мансабында «Вест Хэм», «Борнмут», «Лидс», «Куинз Парк Рейнджерс» секілді клубтарда да өнер көрсеткен.

Англия құрамасы сапында 1997-2011 жылдар аралығында 81 матч өткізіп, үш гол соққан.

Ал «Манчестер Юнайтедпен» бірге алты рет АПЛ чемпионы атанып, екі рет Футбол лигасы кубогын иеленсе, Англия суперкубогында төрт рет, Чемпиондар лигасында бір рет және клубтық әлем чемпионатында бір рет топ жарған.