Аптасына неше рет жүгіру керек?

Аптасына неше рет жүгіру керек?
Жеңіл атлетика

Чемпионат

Мамандар әуесқой спортшылар қалай жүгіруі керек деген сауалға жауап берді, деп хабарлайды BasSport.kz.

Барлық спортшы үшін оңтайлы жаттығу жүктемесін есептеуге болатын математикалық формула немесе бірыңғай кесте жоқ. Прогрессивті және кәсіби жүгірушілердің көпшілігінде жаттығулардың көлемі мен жиілігін анықтау тәжірибе арқылы келеді.

Жаттықтырушылар мен әуесқой жүгірушілер арасында мынадай ұстаным бар: жаңадан қосылғандар үшін оңтайлы жаттығу кестесі – күнара жүгіру. Сонда аптасына үш-төрт рет жүгіресіз. Қалған күндері – кросс-тренинг немесе демалыс. Бұл жағдайда физикалық белсенділікті тоқтатып, аптасына кемінде бір күн толық демалу ұсынылады.

Осы кестені қолдану арқылы жүгіретін адам жүктемеге тезірек бейімделіп, ауыр жарақатты айналып өтуге мүмкіндік алады. Одан қалды эмоционалдық тұрғыда «жанып» кетуден де осы әдіс жақсы қорғайды, өйткені әуесқой спортшылардың (кәсіпқойлардан айырмашылығы) жүгіруден бөлек жеке шаруалары, жұмысы мен демалыс уақыты болуы қажет.

Жаттықтырушылардың айтуынша, әуесқой спортшылардың жаттығу кестесі оның күнделікті өміріне қарай жасалуы керек, керісінше емес. Жұмыста немесе отбасындағы жүктемеге қарамастан, спортты бірінші орынға қойған адам жауапкершілік пен нәтижелерге алаңдап, ал оның соңы спорттан жиренуге әкеп соғуы әбден мүмкін.