Азия ойындарында қоржынымызға үшінші алтын медаль түсті

Азиада 2023
Спорттық ату
Қытайдың Ханчжоу қаласында өтіп жатқан ХІХ жазғы Азия ойындарында стенд атудан скит бағдарламасы бойынша аралас командалық сайыста Қазақстан алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды BasSport.kz.
Еліміздің атынан өнер көрсеткен Әсем Орынбай/Эдуард Ещенко жұбы финалда Кувейттен басым түсті.
1.Қазақстан — 40 ұпай
2.Кувейт — 35 ұпай
3.Қытай
3.Қатар
Осылайша, Қазақстан құрамасы Азия ойындарында нысана көздеу спортынан 3 алтынға ие болды.
Әсем Орынбай кеше нысана көздеуден 1 алтын, 1 қола алған еді.