Азия ойындары: қазақстандық семсерлесушілер қола жүлде иегері атанды
Семсерлесуден Қазақстанның ерлер құрамасы Ханчжоуда өтіп жатқан Азия ойындарында командалық жарыстардың жартылай финалдық матчы аяқталды, деп хабарлайды BasSport.kz.
Финал жолдамасы сарапқа салынған додада жерлестеріміз Азия чемпионы Оңтүстік Кореямен кездесті. Өкінішке қарай, тартысты сында кореялықтар жеңіске жетті – 45:41. Енді олар алтын медаль үшін таласады. Ал Қазақстан құрамасы Азия ойындарының қола жүлдегері атанды.
Аталған жарыстарда Қазақстан құрамасынан Мұхамедали Рахманәли, Саттархан Назарбай, Артем Саркисян және Жанат Нәбиев қатысты.
Алдын ала кезеңдерде қазақстандық семсерлесушілер Непал (45:15) мен және Кувейтті жеңді (45:43).
Осылайша, қазіргі уақытта Қазақстан құрамасының Азия ойындарындағы медаль қоржынында 14 медаль бар: бір алтын, екі күміс және 11 қола.