Ертуған Зейнуллинов ширек финалға шықты

Ертуған Зейнуллинов ширек финалға шықты
Бокс

Қытайдың Ханчжоу қаласында өтіп жатқан ХІХ жазғы Азия ойындарында бокстан 63,5 келіге дейін салмақта бақ сынап жатқан отандасымыз Ертуған Зейнуллинов ширек финалға өтті, деп хабарлайды  Bassport.kz.

Ол Ташкентте өткен әлем чемпионатында қола жүлдеге ие болған тәжікстандық Баходур Усмоновпен кездесті. Тартысты өткен жекпе-жекте төрешілері 3:2 есебімен жеңісті қазақ боксшысына берді.

Бүгін сонымен қатар Өзбекстандағы этникалық қазақ, әлем чемпионы Руслан Абдуллаев жеңіліс тапты. Ол 32 жастағы моңғол боксшысы Чинзорик Баатарсухомнан жеңілді. Енді моңғол боксшысы біздің Зейнуллиновпен кездеседі.