Назым Қызайбай WBO чемпионымен кездеседі

Назым Қызайбай WBO чемпионымен кездеседі
Азиада 2023
Бокс

Нұрғали Жұмағазы

Қазақстандық боксшы Назым Қызайбайдың Ханчжоуда (Қытай) өтіп жатқан Азия ойындарындағы келесі қарсыласы анықталды, деп хабарлайды BasSport.kz.

Ширек финалда 50 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Қызайбай Моңғол Есуген Оюунцэцэгпен кездеседі. Бұл жекпе-жек 29 қыркүйек күні өтеді.

Естеріңізге сала кетейік, Қызайбай Азиада-2023-те Непалдан келген Сусма Тамангты сенімді түрде жеңген болатын.

Ал Оюунцэцэг Бангладеш өкілі Зиннат Фердустан басым болды.

Назым Қызайбай екі дүркін әлем чемпионы: ол 2014 және 2016 жылдары жеңімпаз атанған.

22 жастағы Есуген Оюунцэцэгтің жеңіл салмақта WBO Asia Pacific нұсқасы бойынша чемпион деген атағы бар.