Джереми Бракко бас тарту тізіміне енгізілді

Хоккей
hcbarys.kz
«Барыс» шабуылшысы Джереми Бракко бас тарту тізіміне енді, деп хабарлайды BasSport.kz.
Бұл туралы клубтың баспасөз қызметі мәлімдеді. Енді 48 сағат ішінде ҚХЛ-дағы кез келген клуб оны қатарына қоса алады.
Бұл маусымда Бракко клуб сапында алты ойын өткізіп, бір шайба соқты.