Елена Рыбакина Токио WTA 500 турнирінен неге бас тартқанын түсіндірді

Теннис
©twitter.com/RelevantTennis
Қазақстанның бірінші, әлемнің 5-ракеткасы Елена Рыбакина Токио WTA 500 турнирінде ойнаудан неге бас тартқанын түсіндірді, деп хабарлайды BasSport.kz.
Аталмыш ірі жарыстың алғашқы айналымында қазақстандық теннисші чехиялық Линда Носковамен шеберлік байқасуы керек еді.
Биыл Токиодағы турнирден бас тартуға мәжбүр болғаным өте өкінішті. Мен бұл жарысқа қатысқым-ақ келді, бұл қала өте ұнайды. Мен ең алдымен өзімнің денсаулығыма және бабыма мән беруге тиіспін. 100 пайыз дайын болу үшін маған уақыт керек, - деп жазды Е.Рыбакина.