Абылайхан Жұбаназар – Азия ойындарының қола жүлдегері

Азиада 2023
Дзюдо
Фото: Facebook/Kazakhstan Judo Federation
Азиада-2023-те Ханчжоуда (Қытай) дзюдодан 81 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Қазақстан өкілі Абылайхан Жұбаназар мен өзбекстандық Мусо Собиров арасында үшінші орын үшін жекпе-жек өтті, деп хабарлайды BasSport.kz.
Жерлесіміз Golden score (иппон) арқасында қарсыласын жеңіп, қоржынымызға қола медальді салды.
Айта кетейік, бұған дейін Жұбаназар Гонконг пен Бахрейн өкілдерінен басым түссе, жартылай финалда тәжікстандық спортшы Сомон Махмадбековтен жеңіліп қалды.
Бұған дейін дзюдошылар арасында Азия ойындарында Мағжан Шамшадин мен Эсмигуль Куюлова қола жүлдегер атанса, Абиба Әбужақынова күміс медаль жеңіп алған.