Хави «Барселонамен» келісімшартын ұзартты
Футбол
©twitter.com/FCBarcelona
«Барселона» бас бапкер Хави Эрнандеспен жаңа келісімшартқа отырды, деп хабарлайды BasSport.kz.
Инсайдер Фабрицио Романоның айтуынша, клуб пен 43 жастағы маман арасындағы келісімшартқа екі апта бұрын қол қойылған. Келісім 2025 жылға дейін есептелген. Келісімнің ұзартылғаны туралы ресми түрде жақын арада жарияланатын болады. Хави 2021 жылдың соңында клубтың жаттықтырушысы болып тағайындалды, ол Рональд Куманның орнын басты.
Хави келгелі клуб Испания чемпионатының турнирлік кестесінде тоғызыншы орыннан екінші орынға көтерілді.
Алдыңғы маусымда Хави «Барселонаны» 2019 жылдан бері Ла Лигадағы алғашқы титулына жетеледі. Оның басшылығымен клуб Испанияның Суперкубогын жеңіп алды.