Қазақстан бокс федерациясы мен Кәсіпқой бокс комиссиясы меморандумға қол қойды
Бокс
Қазақстан бокс федерациясы
Қазақстан бокс федерациясы президенті Кеңес Хамитұлы Рақышев мен Кәсіпқой бокс комиссиясының президенті Арман Мәлікұлы Момынов екі жақты түсіністік меморандумына қол қойды, деп хабарлайды BasSport.kz.
Меморандум аясында ел спортының дамуына үлес қосу, әуесқой және кәсіпқой боксшыларға жан-жақты қолдау көрсету, төрешілердің біліктілігін арттыру мен боксшыларға кәсіпқой боксшы лицензиясын беру көзделген.

Сонымен қатар Бокс федерациясы мен Кәсіпқой бокс комиссиясы болашақ жобаларды бірігіп жүзеге асыруды мақсат тұтып отыр.
Федерация мұндай серіктестік табыстарға жетелейтініне сенім білдірді.