Сора Рахмонованың АҚШ-тағы айқасы өтпейтін болды

Сора Рахмонованың АҚШ-тағы айқасы өтпейтін болды
Жекпе-жек

©instagram.com/rakhmonova____/

Шавкат Рахмоновтың қарындасы Сора Dana White’s Contender Series аясында үміткерлер айқасына қатыса алмайтын болды, деп хабарлайды BasSport.kz.

Оған жерлесіміздің жарақаты себеп. Бірақ спортшының қандай жарақат алғаны белгісіз. Сора Рахмонова UFC-мен келісімшартқа қол қою үшін литвалық Эрнеста Карецкайтемен өзара кім мықтыны анықтауы керек болатын. Турнир 26 қыркүйекте Лас-Вегаста (Невада штаты, АҚШ) өтуі тиіс еді.

Бұған дейін тағы бір қазақстандық бойжеткен Мария Агапованың UFC-дегі турнирі өтпейтін болды.