Рыбакина Азия ойындарына қатыспайтын болды

Азиада 2023
Теннис
©WTA
Теннистен Қазақстан құрамасының Азия ойындарына қатысатын құрамы анықталды, деп хабарлайды BasSport.kz.
Сары құрлық додасы 23 қыркүйек пен 8 қазан аралығында Қытайдың Ханчжоу қаласында өтеді. Тізімге еліміздің бірінші ракеткалары Елена Рыбакина мен Александр Бублик жоқ.
Рыбакина Токиода өтетін WTA-500 (25 қыркүйек - 1 қазан) турниріне қатысады. Жүлде қоры – 780 мың доллар.
Ал Бублик Чэнду-250-де (20 қыркүйек - 26 қыркүйек) өнер көрсетеді.
Осылайша Азия ойындарында құрамамыздың намысын мына теннисшілер қорғайды: Дмитрий Попко, Бейбіт Жұқаев, Григорий Ломакин, Денис Евсеев, Жібек Құламбаева, Гозаль Айнитдинова, Аружан Сағандықова мен Жанель Рустемова.