Надаль «Реалдың» президенті болғысы келетінін айтты

Надаль «Реалдың» президенті болғысы келетінін айтты
Футбол

©instagram.com/rafaelnadal/

Испаниялық теннисші Рафаэль Надаль Мадридтің «Реал» футбол клубының президенті болғысы келетінін мәлімдеді, деп хабарлайды BasSport.kz.

Әлемнің бұрынғы алғашқы ракеткасы «корольдік» клубтың жанкүйері. Сөйте тұра ол 2010 жылдан бастап ол ағасы Мигель Анхель Надаль өнер көрсеткен «Мальорка» клубының акционері болды.

«Реал Мадридтің» президенті болсам деп армандамаймын, бірақ клуб президенті болуды қалайтыным рас. Дәл қазір басшылыққа айтыр уәжім жоқ, ол өз жұмысын лайықты атқарып жатыр, - дейді Надаль Marca-ға берген сұхбатында.

«Реал Мадридтің» қазіргі президенті Флорентино Перес бұл қызметті 2000 жылдан 2006 жылға дейін, сондай-ақ 2009 жылдан бастап бүгінге дейін атқарып келеді.

«Реал» маусымды жақсы бастады, бірақ біз жолдың басында тұрмыз. (Тибо) Куртуа, (Эдер) Милитао немесе Винисиус (Джуниор) сияқты маңызды ойыншыларда ауыр жарақаттар бар. Басшылық (Джуда) Беллингеммен қол қойды, бірақ тағы бірнеше шабуылшы артық болмайды. Килиан Мбаппені құшақ жая қарсы алар едім. Егер ол келсе, қуанушы едім. Мбаппе маған ұнайды, - деді Надаль.