Тұңғышбаев «Ордабасы» сапында 200 матч өткізді

Тұңғышбаев «Ордабасы» сапында 200 матч өткізді
Футбол

fcordabasy.kz

Еркебұлан Тұңғышбаев «Ордабасы» сапында 200 матч өткізді, деп хабарлайды BasSport.kz.

Еркебұлан – шымкенттік клубтың түлегі. 2014 жылы команда сапындағы алғашқы ойынын өткізді. Ал «Ақтөбеге» қарсы ойында ол «Ордабасы» жейдесін 200 мәрте киді.

Біздің клубта Тұңғышбаев 7 маусым ойнаған. Алаңға шыққан 200 матчта 29 гол соғып, 21 нәтижелі пастың авторы атанды. Еркебұланға алдағы уақытта да жанкүйерлерді нәтижелі ойын өрнегімен қуанта беруді тілейміз, - делінген клуб таратқан мәліметте.