Қазақстандық бірінші ракетка Мексикадағы турнирде жеңілді

Теннис
Қазақстанның жұптық сындағы бірінші, әлемнің 32-ракеткасы Анна Данилина Гвадалахара (Мексика) WTA 1000 турнирінде жеңіліп қалды, деп хабарлайды BasSport.kz.
Ірі жарыстың 7-ракеткалары болып тіркелген Данилина қытайлық Чжаосюань Янмен жұпасып, алғашқы айналымда америкалық Алисия Паркс – бельгиялық Янина Викмайер жұбымен сынға түсті.
Тартысты өткен ойын 2:1 (7:6; 2:6; 10:7) есебімен қарсыластар пайдасына шішлді.