«Астана» клубы Шымкентке көшуі мүмкін

«Астана» клубы Шымкентке көшуі мүмкін
Футбол

Instagram/fca.astana

Елорданың «Астана» клубы алдағы маусымда негізгі жаттығу орны ретінде Шымкент қаласын қарастырып жатыр. Бұл туралы Meta-ratings.kz сайтына сілтеме жасай отырып BasSport.kz хабарлайды.

Жыл соңында «Астана Арена» стадионында жөндеу жұмыстары жүргізіледі, ол бір жылға созылады. «Астана» басшылығы 2024 жылы дислокация орны ретінде екі қаланы қарастырып жатыр, олар – Шымкент және Алматы.

Шымкентте команда БИІК базасында өмір сүріп, жаттығу жасай алады. Онда ҚФФ-мен сертификатталған бірнеше табиғи алаң мен стадион бар.

Шешім жылдың соңында қабылданады.