Баскетболдан Қазақстан жасөспірімдері Малайзияға жол берді

Баскетбол
Жас баскетболшылар Азия чемпионатында Малайзия құрамасымен күш сынасты, деп хабарлайды BasSport.kz.
Тартысты ойында қазақстандық ойыншылар соңғы секундқа дейін күресті, бірақ ойын 71-79 (19-12; 13-37; 19-6; 20-24) есебімен аяқталды
Қазақстан сапында 17 ұпаймен Бектемір Тау үздік атанса, қарсылас сапында 18 ұпаймен Элвин Ху үздік деп танылды.