18 жастағы Аружан Сағындықова алғаш рет ITF турнирінде жеңіске жетті

Теннис
Қазақстандық теннисші 18 жастағы Аружан Сағындықова Монастир (Тунис) ITF World Tennis Tour W15 турнирінің жеңімпазы атанды, деп хабарлайды BasSport.kz.
Әлемнің 829-шы, осы жарыстың 3-ракеткасы Сағындықова финалда дүниежүзілік рейтингте 1 253-орында тұрған үндістандық Вайшнави 2:0 есебімен жеңді.
Бірінші сет 7:6 болса, екінші сет 6:0 есебімен аяқталды.