«Қайрат» шабуылшысымен келісімшартты ұзартты

«Қайрат» шабуылшысымен келісімшартты ұзартты
Футбол

«Қайрат» ФК баспасөз қызметі

«Қайрат» футбол клубы Вячеслав Швыревпен келісімшартты ұзартты, деп хабарлайды BasSport.kz.

22 жастағы шабуылшымен жаңа келісім 2024 жылдың соңына дейін есептелген. Швыревтің осы маусымдағы статистикасы мынадай: 26 матч, 3 гол және 6 ассист. Швырев 2017 жылдан бері «Қайрат» сапында өнер көрсетеді.

Естеріңізде болса, 2019 жылы Швырев пен Рамазан Оразов тәртіпті бұзғаны үшін Қазақстанның жастар құрамасынан шығарылған.

Швырев әлі де алматылықтардың намысын қорғап жүр, ал Оразов бірнеше клуб ауыстырып, қазір Словенияның «Копер» клубында ойнайды.