«Барысты» қазақстандық мамандардан кім басқаруы мүмкін

Шахмат
sports.kz
Шайбалы хоккейден бұрынғы мемлекеттік бапкер Сергей Шавернев «Барысты» кім басқаруы мүмкін деген сауалға жауап берді, деп хабарлайды BasSport.kz.
«Барысқа» бапкер болуға Ғалым Мамбеталиев пен Юрий Михайлис лайықты деп ойлаймын. Сонымен қатар бұл санатқа Сергей Старыгин, Александр Высоцкий мен Ерлан Сағынбаевты да жатқызуға болады. Яғни отандық хоккейде бапкер ретінде тәжірибесі бар мамандарды айтып отырмын. Дегенмен, меніңше, дәл қазір «Барыстың» бапкерлер штабында қандай да бір өзгеріс болады деп ойламаймын, – деді мамн.
«Барыстың» келесі ойыны 16 қыркүйекте Астанада «Адмиралмен» өтеді.