Шахмат: Қазақстан құрамасы қалай өнер көрсетті?
instagram.com/drs_kz
Осы күндері Польшада өткен қыздар арасындағы әлем чемпионаты өз мәресіне жетті, деп хабарлайды BasSport.kz.
Чемпионатқа командалық рейтингте ең жоғарғы 12 команда 2 топқа бөлініп, күш сынасты. Қазақстан құрамасы рейтингте 11-орында болғандықтан, Египетпен бірге аутсайдердің қатарында болды.
Шахмат мамандары Қазақстанды рейтингтен бөлек те аутсайдердің қатарына қосты. Себебі, Жансая Әбдімәлік пен Динара Садуақасова бұл жарысқа қатыспады. Осы ретте Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі сараптама жасаған екен.
Қазақстан намысын кімдер қорғады?
19 жастағы Бибісара Асаубаева – 4 жеңіс, 5 тең, 2 жеңіліс.
18 жастағы Меруерт Камалиденова – 2 жеңіс, 5 тең, 4 жеңіліс.
16 жастағы Алуа Нұрманова – 4 жеңіс, 4 тең, 2 жеңіліс.
17 жастағы Әмина Қайырбекова – 5 жеңіс, 1 тең, 3 жеңіліс.
18 жастағы Ксения Балабаева – 1 тең.
21 жастағы Әсел Серікбай – 1 жеңіліс.
ОЙЫН НӘТИЖЕЛЕРІ:
А тобы:
Қазақстан – Египет 3:1
Қазақстан – Үндістан 2,5:1,
Қазақстан – Франция 2,5:1,5
Қазақстан – Украина 2,5:1,
Қазақстан – Грузия 2:2
Ширек финал.
Ақ және қара фигуралармен алмасып ойнайды.
Қазақстан – Германия – 2:2, 3:1
Жартылай финал.
Қазақстан – Франция – 1:3, 3:1 (блиц 4:0)
Финал.
Қазақстан – Грузия – 1,5:2,5, 0,5:3,5
Шахматтан қыздар арасындағы командалық әлем чемпионаты 2007 жылдан бері өтіп келеді.
2007 жыл – алтын медаль, Қытай 2009 жыл – алтын медаль, Қытай 2011 жыл – алтын медаль, Қытай 2013 жыл – алтын медаль, Украина 2015 жыл – алтын медаль, Грузия 2017 жыл – алтын медаль, Ресей 2019 жыл – алтын медаль, Қытай 2021 жыл – алтын медаль, Ресей 2023 жыл – алтын медаль, Грузия
БҰҒАН ДЕЙІН ҚАЗАҚСТАН ҚҰРАМАСЫ ҚАЛАЙ ӨНЕР КӨРСЕТТІ?
2021 жыл. 1/4 финал.
Қазақстан – Үндістан – 2:2, 1,5:2,5
2019 жыл. 9 командамен ойнап шықты. 5-орын.
2015 жылы. 9 командамен ойнап шықты. 6-орын.
2013 жылы. 9 командамен ойнап шықты.