Германия алғаш рет баскетболдан әлем чемпионы атанды

Баскетбол
Германия құрамасы тарих жасап, бірінші рет баскетболдан әлем чемпионы атанды, деп хабарлайды BasSport.kz.
Филиппиннің Манила қаласында баскетболдан әлем біріншілігі аяқталды. Финалда Германия құрамасы Сербияны 83:77 (47:47) есебімен жеңді.
Финалда немістер арасында ең көп ұпайды қорғаушы әрі капитан Деннис Шредер жинады. Ол өзінің активіне 28 ұпай қосты. Оған 19 ұпай жинаған шабуылшы Франц Вагнер те көмектесті.
Айта кетейік, немістер ширек финалда Латвиядан, ал жартылай финалда АҚШ-тан басым түскен еді.
Осылайша Маниладағы әлем біріншілігінің алтыны - Германия құрамасы үшін 1993 жылғы Еуропа чемпионатындағы жеңістен кейінгі екінші халықаралық атағы.