Жәнібек Әлімханұлы алдағы жекпе-жегіне қатысты пікір білдірді

Жәнібек Әлімханұлы алдағы жекпе-жегіне қатысты пікір білдірді
Бокс

©instagram.com/janibek_qazaqstyle

Орта салмақта WBO нұсқасы бойынша әлем чемпионы қазақстандық Жәнібек Әлімханұлы (14-0, 9 KO) алдағы жекпе-жегіне дайындық жайлы айтты, деп хабарлайды BasSport.kz.

Қазақстандық 14 қазан күні АҚШ-тың Техас штатындағы Розенберг қаласында шаршы алаңға шығады. Жәнібек IBF титулына ие неміс Винченцо Гуальтьеримен біріккен жекпе-жек өткізеді.

Жаттығулар жоғары деңгейде өтіп жатыр. Спаррингтер ұйымдастырылып жатыр. Біз 4 спарринг-қарсыласпен жаттығып жатырмыз. 14 қазанда әлемге қазақ стилін көрсетеміз, - деді Әлімханұлы.