Қазақстандық шахматшылар командалық әлем чемпионатына қатысып жатыр
Шахмат федерациясы
Шахматтан Қазақстан құрамасы Польшада өтіп жатқан әйелдер арасындағы командалық әлем чемпионатына қатысып жатыр, деп хабарлайды BasSport.kz.
5-12 қыркүйек аралығында Польшаның Быдгощ қаласында 2023 жылғы әйелдер арасындағы тоғызыншы командалық ФИДЕ әлем чемпионаты өтіп жатыр. Чемпионатқа Қазақстан атынан Бибісара Асаубаева (ФИДЕ рейтингі 2439), Меруерт Камалиденова (ФИДЕ рейтингі 2162), Ксения Балабаева (ФИДЕ рейтингі 2111), Алуа Нұрманова (ФИДЕ рейтингі 2170), Әсел Серікбай (ФИДЕ рейтингі 2120) және Әмина Қайырбекова (ФИДЕ рейтингі 1985) бақ сынауда.
Делегацияны тәжірибелі бапкерлер – Павел Коцур мен Александр Моисеенко бастап барды.
Турнирге екі топқа бөлінген алты қатысушыдан тұратын 12 команда қатысуда. Қазақстан әйелдер құрамасы А пулында өнер көрсетеді. Онда Грузия, Үндістан, Франция, Украина және Мысыр командалары бар.