Жеңіс Қасымбек Көлгіновтің орнына сайланды

Жеңіс Қасымбек Көлгіновтің орнына сайланды
Жеңіл атлетика

Бүгін Астана қаласы жеңіл атлетика федерациясының кезекті сайланбалы конференциясы өтті, деп хабарлайды Bassport.kz.

ҚР Жеңіл атлетика федерациясының президенті Даниал Ахметов жиында Конференция мүшелерінің шешімімен Жеңіс Қасымбек Астана қалалық жеңіл атлетика федерациясының президенті болып сайланды. 

 Жиын барысында қалымыздағы жеңіл атлетиканы дамыту, сондай-ақ жаттықтырушылардың біліктілігін арттыру, спортшылардың деңгейін көтеру сияқты маңызды міндеттер талқыланды
,-делінген хабарламада. 

 Басқосуға Қазақстан жеңіл атлетика федерациясының президенті Даниал Ахметов және қалалық жеңіл атлетика федерациясының мүшелері қатысқан. 

 Бұған дейін Астананың жеңіл атлетикасын Алтай Көлгінов басқарған.