Абель Санчес үздік боксшыларды атады: тізімде Головкин жоқ

Абель Санчес үздік боксшыларды атады: тізімде Головкин жоқ
Бокс

©GGG Promotions

Танымал америкалық бапкер Абель Санчес салмақ дәрежесіне қарамастан (P4P) әлемнің мықты боксшыларын атады, деп хабарлайды BasSport.kz.

- Cіз үшін P4P бойынша үздік үштік кім?

- P4P дегенде қалай сонда? Техникалық тұрғыда мықты ма, ақшаны кім көп тауып, кім көрерменді жақсы тартатынын айтып тұрсыз ба?

- Иә, Сіз үшін.

- Мен үшін P4P – боксты басқаратын жігіт және ол Канело Альварес.

- Неліктен?

- Себебі ол бәрінен де жоғары табыс табады. Оның бокстың бет-бейнесі болатыны да сондықтан. Теренс Кроуфордты екінші орынға қоямын. Ол да «Канело» секілді табыс табатын болады. Бірақ оған мексикалықпен бокстасудың қажеті жоқ. Ол ТВ көрермені үшін өте тартымды екенін дәлелдеген секілді. Үшінші нөмір ретінде Тайсон Фьюриді атар едім, - деді Санчес K.O. Artist Sports-ке берген сұхбатында.