«Манчестер Сити» 62 млн еуроға футболшы сатып алды

«Манчестер Сити» 62 млн еуроға футболшы сатып алды
Футбол

©mancity.com

«Манчестер Сити» 62 миллион еуроға жаңа ойыншы сатып алғанын жариялады, деп хабарлайды деп хабарлайды BasSport.kz.

«Манчестер Сити» өз сайтында «Вулверхэмптонның» 25 жастағы жартылай қорғаушысы Матеус Нунестің трансфері туралы жариялады. Келісімшарт 2028 жылға дейін жасалды және Transfermarkt мәліметтері бойынша мәміле сомасы 62 миллион еуроны құрады.

«Манчестер Ситиге» қосылғаныма өте қуаныштымын. Бұрыннан бұл клубқа тамсанатынмын. Маған ұлы жаттықтырушылардың бірі Пеп Гвардиола қарамағында және әлемдегі ең мықты ойыншылардың қасында жұмыс істеу мүмкіндігі туып тұр. «Вулверхэмптонда» бір маусымда көп нәрсе үйрендім және әрі қарай да премьер-лигада шыңдалатыныма қуаныштымын, - деді ол.

Нунес – трансфер терезесіндегі «қалалықтардың» төртінші жаңа футболшысы.

Бұған дейін олардың құрамын хорват футболшылары Матео Ковачич (жартылай қорғаушы) және Йошко Гвардиола (қорғаушы), сондай-ақ бельгиялық шабуылшы Жереми Доку толықтырды.