"Барыс" екі хоккейшімен келісімшарт жасасты

Хоккей

"Барыс" ХК

Астаналық "Барыс" хоккей клубы екі хоккейшімен келісімшарт жасасқанын мәлімдеді, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі.

Елордалық клуб қорғаушы Кирилл Никитинмен және қақпашы Юргис Дубинскаспен 2024 жылдың 30 сәуіріне дейін, яғни бір маусымға арналған екіжақты келісімшарт жасасты. 

Екі спортшы да - "Барыс" БЖСМ түлегі. Кирилл Никитин өткен маусымда "Номад" құрамында өткізіп, Қазандағы маусымға дайындық турнирі алдында бірінші командаға қосылды. Ал Омбыда өткен Блинов Кубогында Кирилл Никитин "барыс" жейдесінде бір матч өткізді. 

Юргис Дубинскас болса, өткен маусымда "Снежные барсы" сапында ойнады. Ол ересектер арасындағы Қазақстан чемпионатында 22 матч өткізіп, әр ойында оның қақпасына орта есеппен 4,82 шайба соғылды. 

Айта кетейік, "Барыс" ҚХЛ 2023/2024 жылдар маусымындағы алғашқы ойынын 2 қыркүйек күні уфалық "Салават Юлаевқа" қарсы өткізеді.