Жәнібек Әлімханұлы жаңа бапкеріне қатысты пікір білдірді

Жәнібек Әлімханұлы жаңа бапкеріне қатысты пікір білдірді
Бокс

instagram.com/janibek_alimkhanuly

WBO нұсқасы бойынша орта салмақта әлем чемпионы қазақстандық Жәнібек Әлімханұлы (14-0, 10 КО) жаңа бапкеріне қатысты пікірін айтты, деп хабарлайды BasSport.kz.

Жәнібек 2016 жылдан бері Джеймс Макгиртпен жұмыс істеп келді. Бұдан былай оны тағы бір америкалық маман Брайан Вилория жаттықтырады.

Өте мықты бапкер. Маман! Брайанмен жұмыс істеудің өзі ғанибет. Бізне не керек, соны шыңдап жатыр. Біз жаңа деңгейдеміз! – деп жазды Әлімханұлы әлеуметтік желіде.

Бұған дейін Әлімханұлы шаршы алаңда IBF-тің жаңа чемпионы германиялық Винченцо Гуальтьеримен (21-0-1, 7 КО) жұдырықтасатыны туралы ақпарат тараған. Кездесу 14 қазан күні Розенбергте (Техас штаты, АҚШ) өтеді.