“Бешикташ” президенті Зайнутдиновтың басты ерекшелігін атады

“Бешикташ” президенті Зайнутдиновтың басты ерекшелігін атады
Футбол

“Бешикташ” президенті Ахмет Нұр Чеби Бақтиер Зайнутдиновтың трансферіне қатысты пікірі білдірді, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі. 

“Бақтиер Зайнутдинов - құнды трансфер. Түрік елдерінде тұратын жанкүйерлер бұл трансферге өте қуанышты болды. Ол кез келген позицияны жаба алады”, - деді Чеби деп жазады TV100. 

Айта кетецік, 21 тамыз күні “Бешикташ” Бақтиер Зайнутдиновтың клуб ойыншысы атанғанын ресми түрде хабарлаған еді. 

Ал 24 тамыз күні Бақтиер Зайнутдинов УЕФА Конференция лигасы плей-офф кезеңінде “Динамо Киевке” қарсы ойында түркиялық клуб сапындағы алғашқы ойынын өткізіп, бірінші голын соқты.