US Open: Елена Рыбакина бірінші қарсыласын оңай жеңді

US Open: Елена Рыбакина бірінші қарсыласын оңай жеңді
Теннис

АҚШ-та беделді US Open жарысы басталды, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі.

Қазақстанның бірінші, әлемнің төртінші ракеткасы Елена Рыбакина алғашқы айналымда украиналық Марта Костюкпен шеберлік байқасып, қарсыласын 6:2, 6:1 есебімен жеңді. 1 сағат 27 минутқа созылған матчта Елена Рыбакина екі эйс жасап, 4 қосарланған қтелікке жол берді және 12 брейк-пойнттың бесеуін жүзеге асыра білді. 

Енді қазақ теннисшісі жарыстың үшінші айналымына шығу үшін аустралиялық Айла Томляновичпен сынға түседі.