Қазақстандық баскетболшылардың Азия ойындарындағы кестесі белгілі болды

Қазақстандық баскетболшылардың Азия ойындарындағы кестесі белгілі болды
Баскетбол

Ханчжоу (Қытай) қаласында өтетін ХІХ Азия ойындарының баскетбол турниріне қатысатын құрамалар мен турнирлік кесте белгілі болды, деп хабарлайды BasSport.kz федерацияның баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып. 

Ерлер арасындағы жарысқа 16 құрама қатысса, әйелдер арасындағы жарыста 12 құрама кім мықтыны анықтайды. 

Ерлер арасындағы сында А тобында Қазақстан құрамасы Иран, Сауд Арабиясы және БАӘ құрамаларымен күш сынасады.

Әйелдер арасындағы жарыста Қазақстан құрамасы В тобында Жапония, Филиппин, Гонконг (ҚХР) құрамаларымен ойнайды.


Баскетбол турнирі 26 қыркүйек күні басталып, 6 қазанға дейін жалғасады.