Елена Рыбакинаның US Open-дегі алғашқы қарсыласы кім

Елена Рыбакинаның US Open-дегі алғашқы қарсыласы кім
Теннис

Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакинаның US Open бәсекесіндегі алғашқы қарсыласы анықталды, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі. 

Отандасымыз биылғы маусымның соңғы "Үлкен дулыға" жарысындағы бірінші матчын украиналық Марта Костюкке қарсы өткізеді. Әлемнің 37-ракеткасы Костюк 2023 жылғы Уимблдонда Мария Саккари мен Паула Бадосаны жеңіп кеткен еді. 

Өткен жылы Елена Рыбакина АҚШ ашық біріншілігінің алғашқы кезеңінде франциялық Клара Бурельден 4:6, 4:6 есебімен жеңіліп, жарыс жолын тым ерте аяқтаған болатын.