Зайнутдиновтің голы “Бешикташқа” жеңіс сыйлады

Зайнутдиновтің голы “Бешикташқа” жеңіс сыйлады
Футбол

Instagram.com/bateka_11

Түркиялық “Бешикташ” УЕФА Конференция лигасы плей-офф кезеңінің алғашқы матчында “Динамо Киевті” жеңді, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі. 

Қазақстан ұлттық құрамасының ойыншысы өнер көрсететін түркиялық клуб Украинаның “Динамо Киев” командасын 2:3 есебімен жеңді. 

Венсан Абубакар пенальтиден (40’) гол соғып есеп ашқан, арада аз уақыт өткенде Киев командасы таразы басын теңестірді (60’ - Николай Шапаренко). Төрт минуттан кейін Омар Колли “Бешикташты” алға шығарса, 66-минутта Назар Волошин есепті тең етті. Қосымша қосылған уақыттың 5-минутында қазақстандық Бақтиер Зайнутдинов командасын алға шығарды.

Осылайша, отандасымыз түркиялық клуб сапында өткізген алғашқы матчында гол соғып, командасына жеңіс сыйлады.