Аяғына ампутация жасалған Олимпиада чемпионы мұз айдынына оралды

Аяғына ампутация жасалған Олимпиада чемпионы мұз айдынына оралды
Басқа

2006 жылғы Туриндегі қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Роман Костомаров мұз айдына қайта оралды, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі. 

Ресейлік мәнерлеп сырғанаушы Роман Костомаровқа осыдан бірнеше ай бұрын ампутация жасалған еді. Оған пневмонияның асқынып кетуі әсер еткен. 

Жарты жыл бойы ауруханада жатқан ресейлік спортшы кеше Сочиде өткен Илья Авербухтың шоуында мұз айдынға шығып, жұбайы Оксана Домнинамен бірге өнер көрсетті. 

"Жылы лебіздеріңізге рақмет! Бәріңіз уайымдадыңыздар. Барлығын сездім, білдім және осы үшін ризамын. Алғысым шексіз! Бақыт пен денсаулық тілеймін. Ең бастысы, денсаулықтарыңызды күтіңіздер!", - деді спортшы шоуға жиналған көрерменге.