Әлем чемпионатында жүлде алған Ризабек Айтмұқан әскери борышын өтеп жүр

Күрес
Иордания астанасы Амманда өтіп жатқан 20 жасқа дейінгілер арасындағы күрес түрлерінен Қазақстан осы күнге дейін үш медаль алып үлгерді. Оның ең алғашқысы – еркін күрес шебері Ризабек Айтмұқанға тиесілі. Отандасымыз 92 келіге дейін салмақта күміс медаль еншілген еді. Ризабек жарыстан кейін пікірін білдірді, деп хабарлайды BasSport.kz.
Жастар арасындағы әлем чемпионатына екінші рет қатысып отырмын. Бұған дейінгі әлемдік аренадағы жалғыз жетістігім- Азия чемпионатындағы жүлдем болатын. Осы жолы жақсы дайындықпен келдім. Өз салмағымдағы басты фавориттердің бірі саналдым. Сондықтан бәрі менімен белдескенде аянып қалмады. Ең қиыны – финал болды. Өкінішке қарай, шешуші кезеңде ран елінің өкілі Мохаммадмобин Голомалиге есе жібердім. Бұйырғаны күміс медаль, - дейді Ризабек Айтмұқан.
Айта кетейік, спортшы қазіргі кезде Бауыржан Момышұлы атындағы 5571 әскери бөлімінде борышын өтеп жүр. Ол өзіңе қолдау көрсеткен Ұлттық ұлан қолбасшылығына және ҚР ІІМ «Динамоә дене шынықтыру спорт қоғамының басшылығына алғысын білдірді.