«Реал» қақпашы Кепа Аррисабалага үшін 1 млн еуро төлейді
 
                Футбол
                                            Мадридтің «Реалы» Лондонның «Челси» клубында ойнайтын испаниялық қақпашы Кепа Аррисабалаганы жалға алды, деп хабарлайды BasSport.kz.
«Корольдік» команда Лондон клубына сол үшін 1 миллион еуро төлейді. Қақпашы 46-нөмірмен ойнайды. Жалға алу мерзімі – 1 жыл. 2024 жылдың маусымына дейін келісімшартқа қол қойылды. Бірақ сатып алу қарастырылмаған.
Айта кетейік, бұған дейін «Реалдың» негізгі қақпашысы Тибо Куртуа жаттығуда ауыр жарақат алған. Сондықтан осындай шұғыл шешім қабылданды.
28 жастағы Аррисабалага былтыр «Челси» сапында 39 ойынға қатысып, қақпасына 45 гол жіберген. Ал 12 матчты құрғақ өткізді. 
