«Астана» клуб капитанымен келісімшартты ұзартты

«Астана» клуб капитанымен келісімшартты ұзартты
Баскетбол

«Астана» баскетбол клубының капитаны Рустам Мырзағалиев елорда клубы сапында қалатын болды. Бұл туралы PBCAstana.kz сайтына сілтеме жасай отырып BasSport.kz хабарлайды.

Ойыншының жаңа келісімшартында екі маусымға созу мүмкіндігі қарастырылған. ВТБ Бірегей лигасының аяқталған маусымында Рустам 27 ойын өткізіп, әр матч сайын орта есеппен 6 ұпай жинап отырған. Сонымен қатар ол Қазақстан кубогында MVP атанып, ҚР Ұлттық лигасында үш ұпайлық көрсеткіштен көшбасшы болды. Негізгі команда жаттығуға 15 тамызда кіріседі.