Америкалық рэпер “Тоттенхэмді” сатып алуы мүмкін

Америкалық рэпер “Тоттенхэмді” сатып алуы мүмкін
Футбол

Getty Images

Америкалық рэпер Jay-Z лондондық “Тоттенхэмді” сатып алуы мүмкін, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі.

Goal басылымының жазуынша, лондондық клубтың қазіргі басшысы алаяқтық пен инсайдерлік ақпаратпен сауда жасағаны үшін АҚШ-та сот алдында жауап беріп жатыр. Ал бұл мәселе оны клубты сатуға мәжбүрлеуі мүмкін.

Jay-Z болса, еуропалық клубқа қызығушылық танытып, өзге америкалықтар секілді АПЛ командасын сатып алуды жоспарлап отыр. Сонымен қатар, ол - “Бруклин Нетс” ҰБА клубы иелерінің бірі. 

Клуб 2 млрд фунт стерлингке сатылуы мүмкін деген ақпарат бар. 

Еске салайық, АПЛ өткен маусымында “Тоттенхэм” 60 ұпаймен сегізінші орынға табан тіреген. Сондай-ақ, клуб 2023/2024 жылдар маусымында 14 жылда алғаш рет Еурокубоктарда өнер көрсетпейді.