Италия мен Түркия 2032 жылғы Еуропа чемпионатын бірігіп өткізуге өтінім берді

Италия мен Түркия 2032 жылғы Еуропа чемпионатын бірігіп өткізуге өтінім берді
Футбол

 Италия футбол федерациясы (FIGC) мен Түркия футбол федерациясы (TFF) 2032 жылғы Еуропа чемпионатын бірігіп өткізуге өтінім берді, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі. 

Екі ұлттық федерация өтінімдерін біріктіруді өздері қалаған. Бұл туралы УЕФА өзінің ресми сайтында жазды. 

“УЕФА екі федерацияның құжаттарының байқауға сай екендігін тексеру үшін FIGC және TFF-пен жұмыс істеуді бастайды. Егер олардың біріккен өтінімі талаптарға сай болса, 10 қазан күні өтетін УЕФА Атқарушы комитетінің отырысында таныстырылады. Осы отырыста 2028 және 2032 жыоғы Еуропа чемпионатын өткізу құқығына ие болатын елдер анықталады. Турнирдің қайда өтетіні мен матчтар кестесі туралы шешімдер кейін қабылданады”, - деп жазылған УЕФА ресми мәлімдемесінде.