#АуылФутбол: Тимур Ысқақов Superbol жобасының іріктеуінен өтті

Футбол
#АуылФутбол жобасында өнер көрсететін «Red Sapsans» футбол клубының өкілі Тимур Ысқақов Superbol жобасының іріктеуінен өтті, деп хабарлайды BasSport.kz.
Команда мәліметінше, 16 жастағы Тимур – ересектер клубының ең жас ойыншысы.
Райымбек ауылының «Red Sapsans» командасы Алматы чемпионатының қола жүлдегері. Аталған команда Балалар-жасөспірімдер футбол лигасында ойнап жүр.
Ал #АуылФутбол жобасы – ауыл балалары футболының мәселелері мен оны шешудің жолдарына бағытталған жоба.