Геннадий Головкин Қазақстанға оралды

Геннадий Головкин Қазақстанға оралды
Бокс

Орта салмақта бұрынғы әлем чемпионы Геннадий Головкин (42-2-1, 37 КО) Қазақстанға оралды, деп хабарлайды BasSport.kz.

Бұл туралы тағы бір қазақ боксшысы Сұлтан Зәуірбек (14-0, 10 KO), әлеуметтік желіде жазды.

Ол Instagram-да GGG-мен түскен суретін жариялап:

Елге Гена ағамызбен қайттық. Жекпе-жегіңді көрдім дегенінің өзі қуаныш болды, - деп жазды.

41 жастағы Головкин әзірге болашағына қатысты мәлімдеме жасаған жоқ. Ол өткен жылдың қыркүйегінен бастап шаршы алаңға шыққан жоқ. Сол кезде мексикалық Сауль «Канело» Альвареске (59-2-2, 39 КО) есе жіберген. Ал биыл ол орта салмақта WBA Super, IBF және IBO нұсқалары бойынша әлем чемпионы атағынан бас тартты.