Елена Рыбакина жеке дара көш бастады

Елена Рыбакина жеке дара көш бастады
Футбол

Әлемнің үшінші ракеткасы Елена Рыбакина WTA турнирлеріндегі маңызды көрсеткіш бойынша жеке дара көш бастады, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі.  

Relevant Tennis 2023 жылғы WTA турнирлерінде ең көп эйс жасаған теннисшілердің тізімін жариялады. Бұл көрсеткіште Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина жеке дара көш бастады. Ол осы күнге дейін өткен барлық турнирлерде жалпы саны 349 эйс жасаған. Ал рейтингте екінші орында франциялық Каролин Гарсия (305) тұрса, үздік үштікті белорусиялық теннисші Арина Соболенко (275) түйіндеп тұр. Эйс жасау көрсеткіші үзідк бестігінде Вероника Кудерметова (206) мен Людмила Самсонова (197) бар.