“Астана” Чемпиондар лигасында рекорд орнатты

“Астана” Чемпиондар лигасында рекорд орнатты
Футбол

УЕФА Чемпиондар лигасы бірінші іріктеу кезеңіндегі “Астана” мен “Динамо” (Тбилиси) арасындағы ойын жанкүйерлер көп барған матч атанды, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі. 

Елордада өткен ойынға 27 328 адам барған. Бұл - сол бірінші іріктеу кезеңі ойындарында жанкүйерлер ең көп жиналған ойын.

Ал Чемпиондар лигасы бірінші іріктеу айналымы аясында “Линкольн” мен “Қарабах” арасында өткен ойынға 683 қана жанкүйер барып, ол көрермен аз жиылған матч атанды. 

Айта кетейік, “Астана” мен грузиялық “Динамо” (Тбилиси) арасындағы матч 1:1 есебімен тең аяқталды.