Синхронды жүзу: Эдуард Ким әлем чемпионаты финалына шықты

Синхронды жүзу: Эдуард Ким әлем чемпионаты финалына шықты
Басқа

 Жапонияның Фукуока қаласында өтіп жатқан су спорты түрлерінен әлем чемпионатында синхронды жүзуден ел намысын қорғап жатқан Эдуард Ким финалға шықты, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі. 

Жекелей сынның техникалық бағдарламасы іріктеу кезеңінде 89,300 ұпай жинаған отандасымыз бесінші орынмен финалға жолдама алды. Іріктеу сайысында испаниялық Диас дель Рио Сото үздік нәтиже көрсетті. 

Айта кетейік, су спорты түрлерінен әлем чемпионаты бүгін, 14 шілед күні басталды және ол 30 шілдеге дейін жалғасады. Жалпы, турнирде 75 медаль жиынтығы сарапқа салынады.