Тур де Франс: “Астана” үшінші шабандозынан айырылды
Басқа
“Astana Qazaqstan Team” велокомандасының испаниялық шабандозы Давид Де Ла Круз “Тур де Франс” жарысының 12-кезеңінде жарақат алып қалды, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі.
Велокоманда баспасөз қызпетінің хабарлауынша, Давид Де Ла Круз оң қолының шынтағы мен оң иығынан, сол жақ жамбасынан жарақат алған және денесінде көптеген жаралар бар.
Еске сала кетейік, бұған дейін команданың тағы бір испаниялық спортшысы Луис Леон Санчес төртінші кезеңде жарақат алып, жарыстан шыққан. Сондай-ақ, сегізінші кезеңде ағылшындық Марк Кавендиш оң иығын жарақаттаған еді.
Беделді бәсекенің 12 кезеңінен кейін даниялық Йонас Вингегор Расмуссен (Jumbo Visma) көш бастап келеді. Ал қазақстандық команда құрамынан үздік нәтиже Алексей Луценкоға тиесілі.