Азат Мақсұм отандасы Рахмоновтың келесі жекпе-жегіне қатысты болжамын айтты

Жекпе-жек
Жақын күндері UFC-дегі алғашқы жекпе-жегін өткізетін Азат Мақсұм отандасы Шавкат Рахмоновтың келесі кездесуіне қатысты пікірімен бөлісті, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі.
Шавкат Рахмонов октагонға 16 қыркүйек күні оралып, америкалық Кевин Гастелуммен кім мықтыны анықтайды.
- Шавкат Рахмоновтың титулдық атаққа қол жеткізуге мүмкіндігі бар ма? Қазіргі сәтте Келвин Гастелум оған лайықты қарсылас па?
- Гастелумды жеңіп, одан кейін чемпиондық атақ үшін таласуға мүмкіндік алады деп ойлаймын, - деп жауап берді Азат Мақсұм mma.metaratings.ru сайтына берген сұхбатында.
Еске салайық, 16 шілде күні таңда Азат Мақсұм UFC-дегі дебюттік жекпе-жегін өткізеді. Оның аралас жекпе-жектен әлемнің үздік лигасындағы алғашқы қарсыласы 39 жастағы америкалық Тайсон Нэм болмақ.